Министр елімізде індеттің күрт өсу себебін түсіндірді

22 Шілде 2020, 21:50
3510
Бөлісу:
Министр елімізде індеттің күрт өсу себебін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алекцей Цой Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырушылардың күрт өсу себебін түсіндірді.

Елімізде коронавирус індетіне шалдыққандар санының күрт өсудің себебі мынада: Бірінші кезекте ақпараттық алаңда «бізден коронавирус инфекциясы көшіп кетті» деген әңгіме ауанынан сеніп қалдық. Ұзақ карантин шараларынан кейін халық босаңсып кетті. Жайлы ауа райы, жаз... Карантиннен кейінгі уақытты адамдар қуана қарсы алды, - дейді Алексей Цой "24 kz" арнасына берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, отандастарымыз сақтық шараларын қатаң сақтай бермейді.

Нақты айтатын дүние вируспен біз әлі ұзақ күресетін боламыз. Бәрі де өзімізге, әлеуметтік қашықтықты сақтауымызға байланысты. Шынтуайтында маска кию біздің өміріміздің салтына айналуы керек. Үлкен компанияларда жүріп, қашықтықты сақтау керектігін ұмытып кеткен секілдіміз. Жалпы босаңсу, белсенділік, адамдардың бір-бірін жақын араласа кетуі – вирустың одан ары кең таралуына жол ашты, - дейді министр.

Сонымен бірге, Денсаулық сақтау министрі "1 тамыздан бастап статистика қандай болуы мүмкін?" деген сұраққа да жауап берді.

Статистиканы алу үшін белгілі бір уақыт керек. Біріншіден, Қазақстанда бар нормативті талаптарды әзірлеу керек. Екіншіден, ең үлкен мәселе – емхана, стационар, ауылдағы емхана деңгейінде ақпараттық жүйеде бар әрбір медициналық қызметкерді оқыту. Олар кодту дегеннің не екенін, нақты клиникалық белгілерді, басқа да нұсқаларды білуі тиіс. Яғни әрбір медициналық қызметкер пневмонияны қай санатқа жатқызуы керектігін білуі керек. Бұл өте маңызды. Қазір ДДСҰ тренингтері өткізіліп жатыр. Біздің статистер әрбір ақпараттық жүйеге жұмыс жайын түсіндіруде. Әлбетте біз ақпараттық жүйенің бәрін дайындап, кодты өзімізге қоюымыз керек, - деді ол.

Денсаулық сақтау министрі 1 тамыздан бастап тестілеу нәтижесінде анықталған және коронавирус белгілеріне ұқсас пневмония туралы мәлімет көрсетілетінін жеткізді. Сонымен бірге 1 тамыздан бастап елде тіркелген 234 мың пневмония жағдайы аталмыш статистикаға қосылмайтынын жеткізді.

Біз статистиканы 1 тамыздан бастаймыз. Тіркелген жағдай әр күн сайын анықталған мәліметтер бойынша қосылып отырады, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы