Министр экономикалық көрсеткіштері жоғары өңірлерді атады

10 Қазан 2023, 10:28
697
Бөлісу:
Министр экономикалық көрсеткіштері жоғары өңірлерді атады
Фото: Үкімет

Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қуантыров 7 экономикалық көрсеткіш бойынша оң өсім бар 5 өңірді атады. Олар – Абай, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалалары.

Сондай-ақ министрдің мәлімдеуінше, қаңтар-қыркүйек аралығында 11,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,6%-ке жоғары.

Ең жоғары көрсеткіш Астана қаласында, сондай-ақ Ұлытау, Қызылорда және Абай облыстарында тіркелді. Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 9,9%-ке төмендеді. Көрсеткіштің күрт төмендеуі ауа райының қолайсыздығына байланысты дәнді дақылдарды жинау көлемінің азаюынан болып отыр, – деді ведомство басшысы.

Еске салсақ, министр қантар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны - 4,7% екенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы