Цой елдегі эпидахуал туралы айтты

9 Желтоқсан 2021, 08:44
1464
Бөлісу:
Цой елдегі эпидахуал туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, елімізде тамыз айына қарағанда індеттің қарқыны бәсеңдеп келеді.

Республикада оң ПТР тестімен коронавирустық инфекцияның 977 714 жағдайы және теріс ПТР тестімен 83 209 жағдай тіркелді. Науқастардың 95%-дан астамы сауығып шықты, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар қараша айында қазан айымен салыстырғанда сауыққан адамдардың саны ауырған адамдардың санынан 1,6 есе көп екені орын алды.

Репродуктивті сан – 0,92 және тамыз айымен салыстырғанда 1,2 есе төмендегені байқалады, - деді елдің бас дәрігері.

Еске сала кетейік, бұған дейін қанша бала мен жүкті әйелге коронавирусқа қарсы екпе салынғаны туралы жазған болатынбыз. Бүгінгі таңда 130 мыңға жуық жасөспірімге Pfizer вакцинасы егілді.

Өзгелердің жаңалығы