Министр биыл елді газдандыруға қанша қаражат бөлінгенін айтты

6 Маусым 2022, 11:25
1446
Бөлісу:
Министр биыл елді газдандыруға қанша қаражат бөлінгенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Газ саласын дамыту перспективалары» тақырыбындағы Үкімет сағатында Энергетика министрі Болат Ақшолақов биыл елді газдандыруға қанша қаражат бөлінгенін айтты.

2025 жылғы жоспарлы көрсеткіштегі (246 ауыл) 187 ауылдық елді мекенді газдандыруға қаражат бөлінді. Биыл елді газдандыруды дамытуға министрліктің 003 бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 45,8 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде қосымша 50,1 млрд теңге қолдау тапты, - деп айтты ол.

Нәтижесінде, 133 жобаны іске асыруға 96 млрд теңге қарастырылған, бұл 146 мың адамды немесе 93 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

2022 жылдың қорытындысы бойынша газдандырудың жоспарланған деңгейі 58,43%-ды құрайды, - деп түсіндірді Болат Ақшолақов Үкімет сағатында.

Бұған дейін Энергетика басшысы газ жобаларына арналған ынталандыру шаралары арқылы еліміздің ресурстық базасын толықтыру туралы мәселе өткір болып тұрғанын айтты.

Сондай-ақ министр 2025 жылға қарай отандық газдың тапшылығы болуы мүмкін екенін мәлімдеді.  

Өзгелердің жаңалығы