Министр балаларға арналған қандай арналар қазақ тілінде жарық көретінін айтты

3 Наурыз 2022, 16:15
1388
Бөлісу:
Министр балаларға арналған қандай арналар қазақ тілінде жарық көретінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров министрліктің алқа отырысында айтты.

Министр қоғамдық сананы жаңғырту саласында алты негізгі бағыт жатқанын атады.

Былтырдан бастап бағдарлама өскелең ұрпақты, әсіресе оқушыларды және мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуге басымдық бердік. «Ұлттық тәрбие», Tiji және Nickelodeon арналарының балалар контентін қазақ тіліне аудару секілді ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Айтпақшы, Tiji және Nickelodeon қазақ тілінде жақында шығады, тұсаукесері өтеді, - деді Умаров.

Оның айьуынша, бұл бағыттағы басты басымдық – «Ұлттық рухани жаңғыру» және Жол картасы жобаларын сапалы іске асыру.

Бұл стратегиялық құжаттар қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті, мемлекеттік тілді дамытуға, ұлттың мәдени кодын сақтауға және ілгерілетуге, жастардың жан-жақты дамуы мен өзін-өзі танытуына бағытталған, - деді Асқар Умаров.

Умаров алға отырысында мемлекеттік мекемелердің жұмысы БАҚ арқылы бағаланытынын да атап өтті. 

Өзгелердің жаңалығы