Министр: Баға белгілеумен айналысатын өнімсіз делдалдарды жою керек

11 Маусым 2022, 17:20
1948
Бөлісу:
Министр: Баға белгілеумен айналысатын өнімсіз делдалдарды жою керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 маусымда Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың қатысуымен брифинг өтті. 

Мегаполиске ведомство басшысы Алматы ЖЭО-ны газға көшіру жөніндегі жобалардың іске асырылуымен танысу үшін жұмыс сапарымен келді.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Болат Ақшолақов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Министрліктің бұйрығымен мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар 180 күн мерзімге белгіленгенін еске салды. Мысалы, бүгінде АИ-92 бензинінің орташа құны 181 теңгені, АИ-95 – 213 теңгені, дизель отынына - 230 теңгені құрайды.

Біз отын тарату жүйесін жетілдіруді, баға белгілеумен айналысатын өнімсіз делдалдарды жоюды ұсынамыз. Бұл мұнай өңдеуге де, оны тасымалдауға да қатыспайтындар, сондай-ақ бұрынғыдай мұнай базалары, жанар-жағармай құю станциялары жоқтар, - деді энергетика министрі.

180 күннен кейін газ бағасының күрт өсуіне жол бермеу үшін Энергетика министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сатылатын сұйытылған мұнай газының айналымын бақылауға алады.

Болат Ақшолақов АИ-92 және АИ-93 бензин сұрыптарының жаппай айтарлықтай өспейтінін, өйткені Энергетика министрлігінде бұл мәселе заңнамаға түзетулер енгізілгенге дейін және делдалдарды алып тастағанға дейін реттелетіндігін айтты.

АИ-95, АИ-96 және АИ-98 премиум маркалы бензиннің құнына келетін болсақ, министр бағаның негізсіз өсуін мемлекет те реттейтінін, бірақ қатаң бақылау күтілмейтінін атап өтті. Бұл дизельдік отынға да қатысты. Б.Ақшолақовтың айтуынша, алдағы 180 күнде оның бағасы өспейді. Бұл күзгі жинау науқаны ойдағыдай өтуі үшін жасалып отыр.

Сонымен қатар, энергетика министрі мұнай өнімдерін автомобильмен экспорттауға тыйым салу 6 айға ұзартылып жатқанын хабарлады.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген Б.Ақшолақов Алматыға сапарының бір себебі 2026 жылы аяқталуы жоспарланған Алматы ЖЭО-2-ні газға көшіру жобаларын жүзеге асыру екенін айтты.

Бір жағынан экологияны жақсарту үшін көмірді газға ауыстырғымыз келеді, екінші жағынан қуаттылықты 600 МВт-қа жеткізгіміз келеді, - деді спикер.

Бірінші іске қосу кешенін (БГҚ-200 МВт) 2023 жылдың соңына қарай пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, бу-газ қондырғыларын салумен ЖЭО-1 және ЖЭО-3 кеңейту жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы