Министр Қазақстанның құс өсірушілерімен кездесті

24 Ақпан 2020, 14:32
1741
Бөлісу:
Министр Қазақстанның құс өсірушілерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров аграршылармен кезекті сенбілік кездесуін өткізді.

Бұл жолы министр құс шаруашылығы өкілдерімен саладағы өзекті мәселелерді ашық талқылады.

Кеңеске «Қазақстан құс өсірушілер одағының» президенті Руслан Шәріпов, Қазақстанның ірі құс шаруашылығы кәсіпорындарының  "Шымкент құс" ЖШС, "Фирма Алекри", "Ордабасы Құс", "Есіл құс фабрикасы", "Сары-Бұлақ", "Алсад Казахстана", "Адель құс", "Алель Агро" АҚ, сондай-ақ "ҚазАгро" ҰБХ» АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" және "Азық-түлік корпорациясы" басшылары мен құрылтайшылары қатысты.

Кәсіпкерлер мен ҚР АШМ өкілдері саладағы өзекті мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылады. Атап айтқанда, жұмыртқа өндірушілер үшін тауарлық-ерекше субсидияны қысқарту мәселесі қозғалды.

Ауыл шаруашылығы министрі құс шаруашылығы АӨК басым салаларының бірі болып табылатынын және оның әлеуетінен азық-түлік қауіпсіздігі, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының даму деңгейі мен қарқыны байланысты екенін атап өтті.

Соңғы жылдары бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың, сондай-ақ мемлекет басшысы тарапынан жасалған қолдаудың нәтижесінде салада тұрақтандыруға қол жеткізілді және құс шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін өсірудің тұрақты бағыты белгіленді. Сондай-ақ, осы салаға ҚР 2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасына да көп көңіл бөлінді, - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, Сапархан Омаров Ауыл шаруашылығы министрлігі саланы дамыту бойынша «Қазақстан құс өсірушілер одағымен» мемлекеттік қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіруге және саланың тиімділігін арттыру бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді.

Құс шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары өндірістік-шаруашылық қызметін дамытудың жаңаша жолдарын іздестіру керек. Қазіргі уақытта құс шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыру үшін әлеует жетерлік, - деп атап өтті ҚР АШМ министрі.

Сондай-ақ, кездесуде сала басшысы жұмыртқа өндірушілері үшін тауарлық-ерекше субсидия 10 жыл бойы берілгенін және оны 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқарту жоспарланғанын айтты. Десекте, Ауыл шаруашылығы министрлігі осы субсидияны мемлекеттің импортқа тәуелділікті төмендету және ет құс шаруашылығын дамытуға бағытталған түріне ауыстыру бойынша сала мамандарының ұсыныстарын қарауға дайын екендігін айтты.

Еске салсақ, Ауыл шаруашылығы министрі  Сапархан Омаров агроөнеркәсіптік кешен мен тамақ өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша кездесуден кейін осы саладағы проблемалық мәселелерді анықтап әрі толық зерделеу мақсатында әр апта сайын салалық  қауымдастықтармен және ірі өңдеуші кәсіпорындармен кездесулер ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған болатын. Келелі кездесулер үшін әр аптаның сенбісі таңдалды.

Өткен жылы ведомство басшысы Қазақстанның астық өңдеушілер және нан пісірушілер Одағының, қой шаруашылығы бойынша Республикалық палатаның, кредиттік серіктестіктер қауымдастығының, Қазақстанның қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының, Қазақстанның картоп және көкөніс өсірушілер одағының мүшелерімен кездесті. Әрбір кездесудің қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді шешу үшін нақты жүйелі шаралар жасалды.

Өзгелердің жаңалығы