Министр ауыз су мен тұрғын үй мәселесін шешетін ұлттық жобаны таныстырды

2 Тамыз 2022, 10:37
1677
Бөлісу:
Министр ауыз су мен тұрғын үй мәселесін шешетін ұлттық жобаны таныстырды

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері»  жобасын іске асыру үшін 1,8 трлн теңге, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат – 709 млрд  теңге қарастырылған,  деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осылай деп мәлім етті.

Тұрғындардың базалық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды әрі көлік байланысын жақсарту және елдің транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы іске асырылып жатыр, - деді Әлібек Қуантыров.

Ұлттық жоба 2 бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр, олар: «Базалық қызметтерге тең қолжетімділік» және «Көліктік байланысты қамтамасыз ету».

4 міндет, 20 көрсеткіш және 96 іс–шара айқындалды. Ұлттық жобаның 2021 жылға арналған іс-шараларын қаржыландырудың жалпы көлемі 1,5 трлн теңге құрады, оның ішінде РБ – 1,1 трлн теңге.  Осы соманың 1,4 трлн. теңгесі немесе 93%-і игерілді, - деді ведомства басшысы.

Министрдің айтуынша, биыл  Ұлттық жобаны іске асыруға 1,8 трлн теңге, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат – 709 млрд  теңге қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы