Министр ауыл шаруашылығы өндірісі төмендеген өңірлерді атады

9 Желтоқсан 2021, 08:40
1052
Бөлісу:
Министр ауыл шаруашылығы өндірісі төмендеген өңірлерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті.

Министрдің айтуынша, республикада тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша оң динамика сақталып келеді.

Есепті кезеңде 13,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Көрсеткіштің өсуі 10,6%.Оң динамика 15 өңір бойынша тіркелді, олардың арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент қаласында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында, -деді Ұлттық экономика министрі.

Сондай-ақ министр ауыл шаруашылығында есепті кезеңдегі өндірістің 2,5%-ға төмендегенін атап өтті.

Ең төмен көрсеткіштер Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында байқалып отыр. Саладағы өндірістің оң өсуі 11 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсуді Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары көрсетті, -деді Ә.Ерғалиев.


Өзгелердің жаңалығы