Министр Асанəлі Əшімовті туған күнімен құттықтады

8 Мамыр 2020, 21:34
2414
Бөлісу:
Министр Асанəлі Əшімовті туған күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова танымал театр жəне кино актері, режиссер, Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті Асанəлі Əшімовті туған күнімен құттықтады.

Құрметті Асанəлі Əшімұлы! Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз қазақ театр жəне кино өнерінің мэтрі, майталман актер, шебер режиссерсіз. Театр сахнасында əл алуан образды асқан шеберлікпен сомдап, қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келесіз. "Қыз Жібек", "Атаманның ақыры", "Транссібір экспресі", "Сіз кімсіз, Ка мырза?" фильмдерімен қазақ кинематографиясын жаңа деңгейде шығаруға өлшеусіз үлес қосып жүрсіз. Сіздің өз ісіңізге деген құштарлығыңыз бен бағындырған биік белестеріңіз жас өперпаздар үшін үлгі. Алдағы уақытта да Қазақстан театрлар ассоциациясы сіздің жетекшілігіңізбен Егемен еліміздің руханият байыту жолында табысты қызмет ете берсін! Осынау ерекше сəтті пайдалана отырып, Сізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, қажымас қайрат, қазыналы қарттық, отбасыңызға амандық пен ортаймас несібе-дəулет тілеймін!,-делінген құттықтау хатында.

Өзгелердің жаңалығы