Министр АӨК қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

14 Қараша 2020, 09:20
1693
Бөлісу:
Министр АӨК қызметкерлерін кәсіби мерекесімен  құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сапархан Омаров АӨК қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерін, сондай-ақ сала ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын!

Бұл мерейлі мереке – мал және өсімдік шаруашылықтарында, аграрлық ғылыми ұйымдар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарында маңдай терін төгіп, адал еңбегімен ел экономикасына ерекше үлес қосып жүрген нағыз майталман мамандарға тиесілі.

Баршаңыздың ерен еңбектеріңізге, әрбір қазақстандық отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етуге және мемлекеттің негізгі саласын дамытуға қосып жүрген үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін.

Биыл ауыл шаруашылығы саласы күрделі және ерекше кезеңді басынан өткерді. Пандемия жағдайында аграрлық саланың артықшылығы мен стратегиялық маңызы айқын көрінді. Халқымызды азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз ете отырып, егіс және егін жинау жұмыстарын жүйелі атқарған ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері барлық құрметке лайықты деп білемін.

Сіздердің отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға толағай табыс тілеймін!


Өзгелердің жаңалығы