Қарағандылық шабандоздар картингтен ел чемпионы атанды

12 Тамыз 2021, 07:39
1104
Бөлісу:
Қарағандылық шабандоздар картингтен ел чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Картингтен Қарағанды облысының құрамасы ел чемпионы атанды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Жарыс Қостанайда, «Тобыл Арена» футбол манежінің алдындағы алаңда өтті. Үш кезеңнің қорытындысы бойынша қарағандылық шабандоздар тоғыз кубок жеңіп алып, жалпы есепте бірінші орынға ие болды.
 
Республикалық біріншілікте Қостанай, Рудный және Қарағандыдан алты клубтық командалар жарысты. Қарағанды құрамасы техникалық спорт түрлері және техникалық спорт бойынша облыстық мамандандырылған мектептің тәрбиеленушілері мен жаттықтырушыларылары кірген 13 спортшыдан құралды.
Чемпионаттың барлық үш кезеңі Қостанайда өтті. Біріншісі маусым айында, екіншісі шілдеде, үшіншісі 8 тамызда аяқталды. Біз үнемі көш бастап тұрдық және өз артықшылығымызды дәлелдей алдық. Жарыстарға қызу дайындалдық. Техникалық спорт әрқашан жауапкершілікті, назарды талап етеді. Кішкене қателік кетсе, гайка дұрыс бұралмаса қатысушының кетуіне немесе машинаның қатты бұзылуына әкелуі мүмкін, – дейді техникалық спорт және техникалық спорт түрлері бойынша ЖББОМ директорының м.а. жаттықтырушы Сергей Козулин.
Алаң иелері картингтің Қарағанды өңіріндегі мықты дәстүрлерін және командалардың жақсы материалдық базасын атап өтті.

Жарысқа қатысушылар өз картингтерінде сағатына 140 шақырымға дейін жылдамдықты дамыта алды.

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша жеке есепте әр түрлі класта үш қарағандылық жеңімпаз атанды: Денис Акимов («Союзный-Ю»), Александр Чебурдинский («Интер-Ю»), Сергей Козулин («Союзный-А»). Команда мүшелері бес екінші орынды және үш үшінші орынды алды.

Ең жас шабандоз, 11 жасар Егор Левченко жеке есепте «Пионер» сыныбында екінші орын алды.
Картингке тіркелуді анам ұсынды, мектепке екі жыл бұрын келдім. Өте ұнады. Бұл менің алғашқы жарыстарым болды. Нәтижесі қанағаттандырлық. Қазір 70 км жылдамдықты барынша арттырамын, әрі қарай жаттығамын, тәжірибе жинап, шеберлігімді арттырамын, – деп бөлісті спортшы.
Мектепте 76 картингші оқиды.

Бұл спорт түрі өте танымал. Бірақ, барлық техникалық спорт сияқты, үлкен қаржылық инвестицияларды қажет етеді. Біздің мектепті толықтай мемлекет қамтамасыз етуде. Оқу-жаттығу процесіне де, жабдықтауға да бюджеттен қаражат бөлінеді, – деп атап өтті Сергей Козулин.

Өзгелердің жаңалығы