Миллион тонна көмір

17 Маусым 2020, 21:57
1290
Бөлісу:
Миллион тонна көмір

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің И. А. Костенко атындағы шахтасы биыл алғашқы 1 000 000 тонна көмірін берді. 15 маусым күні шахта тарихына жаңа рекорд енгізілді.

Костенколықтар департамент бойынша орнатылған алдыңғы рекордтан асып түсті. Өткен жылы "Шахтинская" шахтасы миллиондық межеге 28 маусымда жеткен болатын. Биылғы жылы кеншілер жеңісті ертерек атап өтеді.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Бас директоры Биджу Наир мен көмір департаментінің директоры Андрей Черномаз ұжымды жетістіктерімен құттықтады.

Дәстүр бойынша кеншілер жұмыс ауысымынан кейін көмірдің символикалық кесегін жер бетіне көтерді, ал оларды гүлдермен және қол шапалақтаумен қарсы алды.

Шахтаның директоры Сергей Мустивко әріптестеріне адал еңбегі үшін алғыс айтты.

Біздің учаскелеріміздің жас басшылары Руслан Гафуров пен Виктор Котенковтың рөлін атап өткім келеді, - дейді И. А. Костенко атындағы шахта директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Вадим Еремин. - Олар өз учаскелерінің апатсыз, оқиғасыз, тұрақты жұмысын реттей алды. Және нәтиже де анық. Жеңіске жетуге жол ашқан тағы бір плюс - к-3 лавасында жаңа заманауи FAMUR жабдығы бар. Комбайннан бастап қайта жүктеуішке дейін толық лава жиынтық жабдықталған. Бұл өнімділік тұрғысынан да, қауіпсіздік тұрғысынан да көп септігін тигізді.

Өзгелердің жаңалығы