"Миллион кімге бұйырады?" шоуының жүргізушісі көз жұмды

26 Шілде 2020, 15:27
4189
Бөлісу:
"Миллион кімге бұйырады?" шоуының жүргізушісі көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық тележүргізуші және актер Реджис Филбин АҚШ-та 88 жасында қайтыс болды. Бұл туралы оның отбасы мәлімдеме жасады, деп жазды ТАСС агенттігі.

АҚШ Президенті Дональд Трамп Филбиндер отбасына көңіл айтты.

Реджис Филбин АҚШ-та көптеген танымал телешоудың жүргізушісі болды, соның ішінде "Миллион кімге бұйырады?" шоуының америкалық нұсқасын жүргізді. Бағдарламаны АҚШ-та 1999 жылдан бері көрсетіле бастады. Филбин бағдарламаның алғашқы жүргізушісі болды.

The New York Times газетінің хабарлауынша, Филбиннің америкалық телевизия эфиріндегі жалпы ұзақтығы 17 мың сағаттан асады. Бұл жетістік Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-дегі парақшасында тележүргізушінің жақындарына көңіл айтты. Трамп Филбин оның досы болғанын және АҚШ президенттігіне дауысқа түсуге шақырғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы