Милицейлер мен шекарашылар шекараны бірлесіп күзетеді – қырғыз ІІМ

28 Қаңтар 2022, 11:17
1516
Бөлісу:
Милицейлер мен шекарашылар шекараны бірлесіп күзетеді – қырғыз ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер мен шекарашылар Баткен облысының Таш-Тумшук, Ақ-Сай, Дахма, Орто-Боз, Көк-Таш ауылдарында бірлескен патруль ұйымдастырды.

Бұл туралы Sputnik Қырғызстан елдің Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Баткен облысы ІІБ Жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекциясының қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істеп жатыр. Қазіргі күні Төрт-Көчо ауданындағы Ош-Исфана тас жолы ашық.

Ішкі істер министрі Ұлан Ниязбеков құқық қорғау органдарының барлық әрекетін үйлестіреді. Ол Тәжікстан Ішкі істер министрлігінің басшысы Рамазон Хамро Рахимзодамен бірнеше рет телефон арқылы сөйлескені атап өтілді, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ түнде Баткен (Қырғызстан Республикасы) және Соғды (Тәжікстан Республикасы) облыстарының ішкі істер басқармасының басшылары кездесіп, қақтығысты реттеу және жағдайды тұрақтандыру мәселелерін талқылаған.

Өзгелердің жаңалығы