Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров қысқы Олимпиада ойындарындағы сәтті өнерінің арқасында әлемнің үздік үш мәнерлеп сырғанаушысының қатарына енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алтын медаль жеңіп алғаннан кейін Шайдоров Халықаралық конькишілер одағының рейтингінде 4961 ұпаймен үшінші орынға көтерілді.
Бұл рейтингтің көшбасшысы 5410 ұпай жинаған америкалық мәнерлеп сырғанаушы Илья Малинин болып отыр. Екінші орында 5096 ұпаймен жапониялық Юма Кагияма орналасқан.
Қысқы Олимпиададағы алтын медаль үшін Шайдоровқа мемлекет тарапынан 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы беріледі.
Айта кетейік, бұған дейін Михаил Шайдоров Миланда өтіп жатқан қысқы Олимпиаданың алтын медаль иегері атанған еді.
Жеңістен кейін Президент спортшыны II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
Сондай-ақ, Михаилды жеңісімен Геннадий Головкин де құттықтады. Әнші Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа автокөлік тарту етті.
Одан кейін Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров ерекше суретін жариялады.