"Мигрант” операциясының қорытындысы жарияланды

2 Наурыз 2023, 11:40
750
Бөлісу:
"Мигрант” операциясының қорытындысы жарияланды
Фото: Polisia.kz

 “Мигрант” операциясының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Еліміздің Еуропаның орталығында орналасуы аумағымыздағы ауқымды көші-қон процестерін айқындап жатыр. 

Бұл тұрғыда бір жағынан Орта Азия елдерінің арасында, екінші жақтан Ресей Федерациясы мен Қазақстан  арасында  Еуразиялық транзиттік дәліз қалыптасып, әлемдегі ең ірілердің біріне айналды.

Осыған орай ІІМ тиісті көші-қон бақылауын және еңбек қатынастарында азаматтарымыздың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі  жұмысты жандандырды. 28 ақпан күні шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзуды анықтауға арналған ішкі істер органдары өткізген “Мигрант” операциясы аяқталды.

Полиция шетелдіктер шоғырланып тұратын жерлерді, құрылыс нысандарын, базарларды, шетелдіктердің еңбегін жалға алумен айналысатын ұйымдар мен жұмыс берушілерді жаппай  тексерді. Операция барысында көші-қон заңнамасын 9213 бұзушылық анықталды.  

Олардың ішінде 5113-і шетелдіктердің  елімізде болу  мерзімдерін бұзуы болып табылады. 

Кейде табыс алу мақсатында жұмыс берушілер рұқсат беретін құжаттарды алмай, шетелдіктердің заңсыз еңбегін пайдаланады. Осылайша, өз азаматтарымыз еңбек қызметін жүзеге асыру мүмкіндігінен айырып жатыр. 

Шетелдіктердің заңсыз еңбек қызметін жүзеге асыруының  2741  фактісі анықталып, 471 жұмыс  беруші шетелдік  жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін  әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, Алматы, Атырау қалаларының құрылыс нысандарында заңсыз жұмыс істеген 145 шетелдік анықталды.             

Осыған  ұқсас фактілер Астана, Шымкент қалаларында, Түркістан  және Шығыс Қазақстан облыстарында анықталды, оларда да құрылыс нысандарында шетелдіктердің заңсыз еңбегі пайдаланылған.

 Сонымен қатар Алматы, Шымкент, Атырау және Павлодар облыстарында шетелдік жұмыс күшін бірнеше рет заңсыз тартқан жұмыс берушілер анықталып, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 395-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.   ​

Оларда болған шетелдіктер туралы полицияға уақтылы хабарламағаны үшін  3631 жеке және заңды тұлға жауапқа тартылды. К

өші-қон заңнамасын бұзушыларды елімізден тыс жерге шығару туралы 674 сот шешімі шығарылды. 

Одан басқа, қоғамдық тәртіпті  бұзумен байланысты бірнеше  рет құқық бұзушылық жасағаны  үшін азаматтық сот  өндірісі шеңберінде 62 шетелдікке қатысты елден тыс жерге щығару туралы шешім шығарылды. 

145 шетелдік мәжбүрлі  түрде тыс жерге шығарылды.​

Барлық шығарылғандарға Қазақстанға 5 жылға келуге тыйым салынды.

​Өз азаматтығының елінде  қылмыс жасағаны  үшін іздестіруде  жүрген 22 шетелдік ұсталды.​

Рейдтер өткізу кезінде:​

• Жамбыл облысында ҰҚК-нің Шекара қызметімен бірлескен әркеттердің нәтижесінде елімізге заңсыз келген Пәкістанның 9 азаматы ұсталды;

​• Алматы қаласында 2022 жылғы қарашада өткізу пунктінен тыс мемлекеттік шекараны заңсыз кескен Қырғыз Республикасының азаматы анықталып, құрықталды.​

Осы фактілер бойынша, сондай-ақ заңсыз келушілерге баспана ұсынған адамдарға қатысты сотқа  дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Сонымен қатар операция барысында полиция қызметкерлері қандай да бір себептермен жеке басты куәландыратын құжаттарды ала алмаған адамдарды құжаттандыруға көмек көрсетті. 

Осылайша, 53 жыл бойы құжаттарсыз жүрген 1970 жылы туған Атырау тұрғынына жеке куәлік алуға ықпал етілді.​Мұндай көмек сондай-ақ Алматы қаласында, Қызылорда және Түркістан облыстарында көрсетілді.
 

Өзгелердің жаңалығы