МИБ пен ПИК өкілдерінің арыз-шағымы тыңдалды

26 Мамыр 2023, 18:07
873
Бөлісу:
МИБ пен ПИК өкілдерінің арыз-шағымы тыңдалды

Алматыда МИБ пен ПИК өкілдерінің арыз-шағымы тыңдалды. Жаңа формат арқылы басқару, шығынды бақылауға алу, туындаған мәселелерді дұрыс шешу жолдары талқыланды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Басқарудың жаңа реформасына көшу туралы ой, азаматтардың арыз-шағымынан туындаған еді. Жиында көпқабатты үйлердің мәселесі қайта қаралды. 

Ең бастысы қоғамның ішінде пайда болған теке-тірестің алдын алу. Бүгінгі жиында МИБ пен ПИК жұмыстарымен таныс болдық. Тұрғындар тарапынан ұсыныс-тілектері айтылып, жауапты сала мамандарына жеткізілді. Алдағы уақытта шілде айында Алматыға қайта келеміз. Сол кезде осы айтылған мәселелерді кеңінен талқылаймыз. МИБ-тің ПИК-тен түбегейлі айырмашылығы ақша қаражатын дұрыс әрі әділ бөлуінде. Екі тараптың да атқарар жұмыстары қарқынды болады деген сенімдеміз, – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым.

Жиын барысында Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу керектігі айтылды.

МИБ пен ПИК өкілдерінің жұмыстары әлі нақтыланбады. Тұрғын үй мәселелерін заңнама арқылы бекіту қажет. Әкімдіктің жаупкершілігіне кіретін жұмыстарды, МИБ пен ПИК өкілдеріне тапсыра аламаймыз. Ал тұрғындармен атқарылатын жұмыстарды әкімдікке ысыруды қою керек. Себебі екі тарап жауапкершіліктен қашып, бір-біріне сілтейді. Бізде өзін-өзі басқару туралы заң жоқ. Парламентте осы туралы айтылғанына 3 жылдан астам уақыт өтті. Аталған заңнама туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жаздық. Осы күзде заңнаманы жүзеге асырамыз деп ойлаймыз, – дейді HAQ қайырымдылық қорының директоры Тоғжан Қожалы.

Қазіргі уақытта Алматыда 8879 көппәтерлі тұрғын үй бар, оның 7129-ы басқарудың жаңа нысандарына өтуге жатады.

Еске салайық, МИБ пен ПИК айырмашылығы жайлы айтқан едік. 

Өзгелердің жаңалығы