Ми қартаюының алдын алатын үш әдетті білесіз бе?

20 Ақпан 2022, 13:16
1922
Бөлісу:
Ми қартаюының алдын алатын үш әдетті білесіз бе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігерлер ми қартаюының алдын алатын әрекеттерді атады. Мидағы деструктивті процестерге тұқым қуалаушылық, климат, жалпы денсаулық жағдайы әсер етуі мүмкін деп жазады Lenta.ru. 

Мамандар ми қызметінің қабілетін сақтауға және ұзартуға себеп болатын үш себепті атады. Олардың айтуынша, ең алдымен адам ұйқысын қандыруы қажет. Ол миға сана қызметінен соң қалпына келу мүмкіндігін ұсынады. Дәрігерлер ұйқысы қанған адамның жұмыс қабілеттілігі артып, стрестік жағдайларды жеңіл қабылдайды деп отыр.

Ал екінші қағида – жаңа нәрсені білуге құштарлық. 

Ми оқыту процесінде жаңа нейрондық байланыстар пайда болып, үнемі дамуға себеп болып, қартаюдың алдын алады. Медицина саласының мамандары сондай-ақ күні бойы дәрумендер мен биологиялық белсенді қоспалар қабылдауға кеңес береді. Ал дәрумендерді негізінен жеміс-жидек пен көкөністерден алуға болады деп отыр. 

Керісінше, ми қызметін төмендеп, қартаюды жылдамтатын тағамдарды да атады. Миға зиян тигізетін тағамдардың қатарында қант, өңделген ет пен рафинадталған көмірсулар бар.  

Өзгелердің жаңалығы