ҚМГ Жастар форумы: жаңашылдық жетістікке жетелейді

3 Шілде 2019, 16:07
2447
Бөлісу:
ҚМГ Жастар форумы: жаңашылдық жетістікке жетелейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кадрлар және әлеуметтік саясат жұмысы жөніндегі бөлім Нұр-Сұлтан қаласында «НЕконференция» атты ерекше форматтағы жастар форумын ұйымдастырды.

Белсенді мамандарды жинаған «НЕконференция» форумы табысты болу, тұлға ретінде даму, кәсіби маман ретінде өсу және компанияның өркендеуіне үлес қосу сияқты өзекті тақырыптар талқылады. 

Форумның спикерлері мен бизнес-тренерлері де ірі халықаралық корпорацияларда елеулі жетістектерге жеткен – Азат Мырзабаев (Сүлейман Демирел атындағы университет, АҚШ, Twitter-де жұмыс істеген), Әлібек Датбаевтың (Нидерландтағы Booking.com компаниясында Team Lead) және басқа да танымал тұлғалар болды. Спикерлердің сөздері форум қатысушылары арасында үлкен қызуғушылық тудырды. 
Ал көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу жөніндегі шеберлік дәрісті еліміздің белгілі марафоншысы, ара-қашықтығы 160 мың шақырымды құрайтын, Азия, Африка, Аустралия және Американың ең ірі шөлдерін жүгіріп өткен адамзат тарихындағы тұңғыш және бірегей спортшы – Марат Жыланбаев өткізді. 

7b4e1e9c-906c-4019-9f50-4e34387787ad.jpg

«Болашақ – жастардың қолында. Қазіргі ақпараттық, цифрлы заманда жастар тек білімді ғана болмай, бір-бірімен араласып, тығыз коммуникация орната білу керек. Компаниямыздың жас мамандарына еркін, бейресми пікір алмасу форматы ұнап, тренингтер мен бизнес-ойындар олардың кәсіби және жеке дамуына мүмкіндік беретініне сенімдімін» - деді, ҚМГ Адами ресурстарын басқару жөніндегі басқарушы директоры Дәулетжан Хасанов. 

dee115bf-e1c5-42fe-960e-01c0c8429ec8.jpg

Сондай-ақ форум барысында ҚМГ басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып Марабаев ҚазМұнайГаз компаниясы жас мамандардың алдына қоятын мақсаттар туралы сөз қозғады. Ж. Марабаев ҚМГ-ның жас белсенділері еліміздің басты мұнай-газ компаниясының корпоративтік құндылықтарына ортақтаса отырып, корпоративтік идеологияны, инновациялық саясатты, өндіріс мәдениетін қалыптастырудың басты күшіне айналуға тиіс екенін атап өтті.

«Жастар форумы бағдарламасында ең маңыздысы команда жасақтау тренингтері болып табылады. Жетістіктерге жету үшін бірігіп жұмыс істеңдер. Адам жалғыз өзі табысқа жетіп, биіктерді бағындыра алмайды, сол үшін серіктес іздеу қажет. Бүгін сендер кем дегенде нақты бірыңғай мақсаттарды қоя білуді үйренесіңдер, сыртқы сын-қауіптерді жеңу үшін ортақ бағытты таңдайсыңдар. Ең көп дегенде бірлескен бизнесті басқару дағдыларын қалыптастырып, жаңа идеяларыңызбен бөлісесіздер», - деді ҚМГ басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып Марабаев.

ee6a7d4b-6df0-4b6b-950b-0a994b11c81e.jpg

Форумның қызықты бағдарламасы «НЕ хабар?», «НЕ зат?» «НЕ айтасың» деген сессиялармен жалғасты. 

Сонымен қатар, «НЕконференция» аясында қаржылық сауаттылық, әлеуметтік желілердегі жүріс-тұрыс және коммуникациялар ережелері бойынша тренингтер өтті. Форумға қатысушылардың жеке табыс жолы да талқыланды.

Бүгінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кадр әлеуетін қалыптастыруға, жас мамандардың бойында көшбасшы қасиеттерін дамытуға баса назар аударып келеді.  

«ҚазМұнайГаз» тобының кәсіпорындарында жас маман кеңестерін құру мен олардың қызметін жүргізу, жыл сайын жиындар мен семинар-тренингтер, үздік мамандарды іріктеу бойынша салалық байқаулар, қайырымдылық акциялар және компания жұмысын жүргізетін өңірлердегі тарихи жерлерде сенбіліктер ұйымдастыру – міне, мұның барлығы компанияны басқару ісіне жастарды жұмылдыру үшін жасалуда.



Өзгелердің жаңалығы