Мезотерапия, плазмолифтинг. Депутат сұлулық салондарындағы «дәрігерлердің» қызметін бақылауды ұсынды

11 Қаңтар 2023, 12:17
1263
Бөлісу:
Мезотерапия, плазмолифтинг. Депутат сұлулық салондарындағы «дәрігерлердің» қызметін бақылауды ұсынды

Депутат Гүлдара Нұрымова Мәжілістің жалпы отырысында сұлулық салондарындағы «дәрігерлердің» қызметін бақылауды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат осы мәселеге қатысты депутаттық сауалын Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа жолдады.

Ол Президенттің сайлауалды бағдарламасында азаматтардың сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділігін кеңейтуге, денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға көп көңіл бөлінді.

Сөзінше, статистика сапасыз медициналық дерматокосметологиялық қызметтер көрсету бойынша өтініштердің өсуін көрсетіп отыр. Нұрымованың мәліметінше, 2022 жылдың өзінде Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне түскен шағымдар саны үш есе өсті.

Дерматокосметология – бұл медициналық қызметтің лицензияланған түрі, бұл тек сертификатталған дәрігер-дерматокосметологтар көрсетуге құқылы медициналық қызмет. Әрине, тек барлық санитарлық норма мен ереже сақталған медициналық клиникаларда немесе медициналық кабинеттерде білікті дәрігер-дерматокосметологтар қызмет көрсетеді. Бірақ іс жүзінде медициналық косметологиялық қызметтердің басым көпшілігін лицензиясы жоқ медициналық емес қызметкерлермен әдеттегі сұлулық салондарында, күмәнді кабинеттерде, тіпті үйде жүргізіліп жатыр, - деп айтты депутат. 

Оның айтуынша, бұл жағдайда мезотерапия, плазмолифтинг, мезожіп сияқты арнайы процедуралар жасалып, тіпті пластикалық операциялар жасалады.

Медициналық білімі жоқ адам мұны қалай жасай алады?! Олар қан тамырлары, жүйке жүйесі, бұлшықеттер, байламдар, лимфа қай жерден өтетінін, қандай асқынулар болуы мүмкін екенін және таға басқасын білмей, бет пен мойын тіндеріне қалай манипуляция өткізуге болады? Мұндай псевдокосметологтардың қызметінің нәтижесі аллергиялық реакциялар, нервтердің парездері мен параличтері, қан тамырларының тромбоздары, тіндердің некрозы, флегмондар, абсцесс, птоз, бұлшықет спазмы, күйіктер, электр жарақаттары, эритемалар, пигментация, тіндердің тыртық өзгерістері, операциядан кейінгі әртүрлі асқынулар, тіпті өлім болуы мүмкін, - деді Мәжіліс депутаты Нұрымова.

Мұндай жағдайларда медициналық және медициналық емес мекемелерде дәрігерлік дерматокосметология қызметтерін бірыңғай бақылауды қамтамасыз ету қажеттілігін қарастыру орынды.

Ол «AMANAT» партиясы жанындағы Білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес тиісті ұсыныстарды әзірлеуге қатысуға дайын екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы