Мейвезер рингке қайта оралатынын мәлімдеді

31 Наурыз 2019, 17:13
1873
Бөлісу:
Мейвезер рингке қайта оралатынын мәлімдеді

Алматы, BAQ.KZ. Америкалық боксшы Флойд Мейвезер рингке қайта оралуға дайын екендігін білдірді, деп жазды life.ru.

Бұған дейін «кәсіби бокстағы мәнсабымды жалғастыру жоспарым жоқ» деп келген атақты боксшы алда өткізетін кездесуіне қарсыласты да тауып қойыпты.

Спортшының әкесі Мейвезер қарсылас ретінде филиппиндік Мэнни Пакьяо мен америкалық боксшы Эдриэн Бронерді таңдағанын жеткізді. Үлкен Мейвезер сондай-ақ ұлының жеңіске жететініне сенімді.

Флойд Мейвезер кәсіби мәнсабында 50 жекпе-жек өткізген және бәрінде жеңіске жеткен, оның 27-ін нокаутпен жеңген. Соңғы рет ол рингке 2017 жылдың тамыз айында шығып, Конор Макгрегорді жеңген еді.

Сондай-ақ америкалық боксшы бұған дейін Мэнни Пакьяомен жұдырықтасқан болатын. Кездесу 2015 жылдың мамыр айында өткен, ол кезде жеңісті төрешілер бірауыздан Мейвезерге берген еді.

Өзгелердің жаңалығы