Мейірім Нұрсұлтанов WBC ұсынған титулды жеңді

3 Қараша 2019, 10:10
2195
Бөлісу:
Мейірім Нұрсұлтанов WBC ұсынған титулды жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы 13 жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Он раундтық кездесуде орта салмақта WBC тұжырымы бойынша АҚШ чемпионы атағы үщін қазақстандық боксшы мексикалық Кристиан Оливаспен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді. 

Осылайша, 26 жастағы Нұрсұлтанов 13 кездесуде 13 жеңісіне қол жеткізді, оның сегізін мерзімінен бұрын аяқтады. 27 жастағы мексикалық болса, спорттық мансабында алтыншы рет жеңіліп отыр. Ол бұрындары 16 кездесуде жеңіске жеткен. 

Айта кетейік, Лас-Вегаста MGM Grand аренасында өтіп жатқан бокс кешінің басты кездесуінде Сергей Ковалев пен мексикалық Сауль Альварес кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы