Мердігер Алматыда салынып жатқан метро төңірегіндегі дауға қатысты түсініктеме жасады

26 Қазан 2019, 12:44
1986
Бөлісу:
Мердігер Алматыда салынып жатқан метро төңірегіндегі дауға қатысты түсініктеме жасады

Алматы, BAQ.KZ. “Алматыметроқұрылыс” АҚ жаңадан салынып жатқан метро станцияларының жұмысы төңірегінде айтылған дауға қатысты түсініктеме берді.

Бұған дейін желіде Алматы метросының жаңадан салынып жатқан станцияларының құрылысы тоқтатылады екен деген ақпарат тараған болатын.

“Алматыметроқұрылыс” АҚ қалада салынып жатқан “Сарыарқа” және “Достық” метро станцияларының жұмысын тоқтатуға ниетті емес екенін ресми түрде мәлімдейміз. Қазіргі уақытта метро құрылысы жұмыс кестесіне сай жүргізіліп жатыр. “Алматыметроқұрылыс” АҚ-ы келісімге сәйкес метро нысандарының құрылысы бойынша өз міндетін атқарып жатыр және атқара береді", - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы