Метеорологиялық ахуал. Екі қалада ауа сапасы нашарлайды

17 Наурыз 2023, 07:28
737
Бөлісу:
Метеорологиялық ахуал. Екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін республиканың екі қаласы – Астана мен Ақтөбеде жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап.

2023 жылғы 17 наурызда Ақтөбе және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, –делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы