Ақтөбеде зираттың металл қоршауларын ұрлаған күдікті ұсталды

17 Сәуір 2019, 22:36
1904
Бөлісу:
Ақтөбеде зираттың металл қоршауларын ұрлаған күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері металл қоршаулары ұрлығын ашты, деп хабарлады Ақтөбе қаласы Полиция департаменті.

"16 сәуірде полиция қызметіне Кірпішті ауылы аумағында орналасқан зират меңгерушісінен белгісіз азаматтың металл қоршауды ұрлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-іздестіру шараларын ұйымдастыру барысында учаскелік полиция инспекторлары металл қабылдау орындарын тексерді және осы қабылдау орындарынан аталған қоршаулар табылды", - делінген хабарламада.

Металл қабылдау орны қызметкерінің айтуынша, ұры көлікпен келіп, қоршауларды тапсырған. Бұдан әрі учаскелік полиция инспекторлары бақылау камералары арқылы автокөлікті анықтап, осы қылмысты жасаған күдікті ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сот алды тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы