Металл іздеген ақмолалық 6 мина мен 5 граната тауып алды

6 Сәуір 2023, 11:38
772
Бөлісу:
Металл іздеген ақмолалық 6 мина мен 5 граната тауып алды
Фото: polisia.kz

Жарқайың ауданы Тасты – Талды ауылының тұрғыны жарылғыш заттарды 4 сәуір күні тапқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, ол жарылғыш заттарды қара металды жинау кезінде арнайы құрылғының көмегімен шамамен 50 см тереңдіктен алып шыққан. Ер адам оқиға туралы бірден полицияға хабарлаған. 

Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы мен сапер мамандары жеткен. Олар танкке қарсы 3 мина, жаяу әскерге қарсы 6 мина және F-1 және rid-5 моделді 5 гранаталарын анықтаған. Тексеріс нәтижесінде олардың оқу-жаттығуға арналғаны және өмірге қауіп төндірмейтіні туралы қорытынды шығарылды.

Сондай-ақ полиция мен сапер бригадасы жақын маңдағы аумақты тексеріп шығып, өзге жарылғыш заттар таппаған. 

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, сараптамалар тағайындалды. Қазіргі кезде құқық қорғау органдары бұл заттардың айдалада қалай пайда болғанын анықтап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы