«Meta» өкілдерімен білім беру саласында ынтымақтасамыз – Аймағамбетов

29 Қыркүйек 2022, 16:47
1365
Бөлісу:
«Meta» өкілдерімен білім беру саласында ынтымақтасамыз – Аймағамбетов

«Meta» компаниясының өкілдерімен кездестім. Бұл компанияның құрамына Facebook, Instagram және What’s App мессенджері сияқты әлеуметтік желілер кіреді. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы әлеуметтік желілер кеңістігінде білім беру саласындағы ынтымақтастық және оны танымал ету мәселелерін талқыладық.

Біз үшін білім беру бағытындағы контентті, әсіресе оны қазақ тілінде насихаттау және балаларды қажетсіз, жағымсыз контенттен қорғау мәселелері маңызды. «Метаның» Орталық Азиядағы үкіметпен байланыс жөніндегі басқарушы директоры мен басқа да әріптестер бастамаларымызды қолдағанына қуаныштымын, - деді министр.

Facebook платформасында мұғалімдеріміз белсенді түрде өз пікірлерін білдіріп, түрлі проблемаларды көтеріп, жаңалықтармен бөлісіп отырады. 

Сонымен қатар бүгінгі күні мұғалімдеріміз Instagram алаңын белсенді пайдаланып, оқушыларға белгілі бір пән туралы мәлімет беріп, сол арқылы балалардың оқуға деген қызығушылығын, ынтасын арттырып жүр. Ал біз ұстаздардың мұндай бастамаларын құп көріп, әрқашан қолдаймыз. Сонымен қатар педагогтеріміздің оқушыларды оқу-тәрбие үдерісіне заманауи тәсілдермен тартуға деген ұмтылысы мақтауға тұрарлық.

Джордж Чен әріптестерімен бірге қазақстандық мұғалімдер мен ата-аналардың әлеуметтік желілердегі белсенділігін атап өтіп, мұғалімдерге арнайы тренингтер өткізуді ұсынды. Олар мұғалімдерді балаларды оқытуда түрлі цифрлық ресурстарды белсенді пайдалануға үйретуге бағытталады.

«Meta» өкілдерімен білім беру саласында ынтымақтасып, оны одан әрі дамытамыз деп ойлаймын, - деп жазды Аймағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы