Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси спорттық мансабындағы 48-ші трофейін иеленіп, "Интер Майами" клубының құрамында АҚШ-тың Бас футбол лигасының (MLS) чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Report мәліметінше, плей-оффтың финалдық матчында Мессидің командасы "Ванкуверді" 3:1 есебімен ұтты. Аргентиналық форвард жеңіске айтарлықтай үлес қосты — екінші және үшінші голдар кезінде екі нәтижелі пас берді.
38 жастағы Месси "Интер Майами" сапында 2023 жылғы жазда клубқа ауысқаннан бері төртінші титулын жеңіп алды. Бұған дейін ол Солтүстік Америка лигасының кубогын (2023), MLS-тің тұрақты чемпионатын (2024) және плей-оффтағы Шығыс конференциясын жеңіп алған.
Мессидің трофейлерінің басым бөлігі "Барселонада"жиналған: барлығы 35 марапат. Олардың арасында Испанияның 10 чемпиондық атағы, 8 Суперкубок, 7 Испания кубогы, 4 Чемпиондар лигасы, 3 УЕФА Суперкубогы және клубтар арасындағы әлем чемпионаты бар.
Аргентина ұлттық құрамасында Месси алты ірі трофей жеңіп алды: әлем чемпионаты (2022), Америка кубогы (2021, 2024), Олимпиада ойындары (2008), Финалисима (2022) және 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионаты (2005).