Месси Марадонаның жетістігін қайталады

27 Қараша 2022, 18:12
4857
Бөлісу:
Месси Марадонаның жетістігін қайталады

Лионель Месси әлем чемпионатында сегізінші голын соғып, аты аңызға айналған Диего Марадонаны қуып жетті. Аргентина құрамасы сапында Габриэль Батистута ғана (10) көп гол соқты, деп хабарлайды BAQ.KZ Opta Sports  сайтына  сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Месси әлем чемпионатында айып алаңынан тыс жерден төртінші рет гол соқты, бұл көрсеткіш бойынша тек бразилиялық Ривелино (5 гол) алда тұр.

Еске салайық, Месси Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші турында Аргентина құрамасының Мексикадан басым түсуіне себепші болған еді.

30 қарашада Польша мен Аргентина, Сауд Арабиясы мен Мексика кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы