Месси - "Алтын доптың" алты дүркін иегері

3 Желтоқсан 2019, 10:50
7539
Бөлісу:
Месси - "Алтын доптың" алты дүркін иегері

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парижде футболдан 2019 жылғы "Алтын доп" иегерін марапаттау рәсімі өтті. Биыл бұл атақты Аргентин құрамасы мен каталониялық "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси иеленді, деп жазады Рrosports.kz.

France Football журналы табыстайтын мәртебелі сыйлық иегері әлем елдері тілшілерінің дауыс беруі бойынша анықталған. Ең көп дауысқа ие болған Лео Месси мансабында алтыншы рет бұл жетістік шыңын бағындырып, рекордты жаңартты.

Дауыс беру нәтижесі бойынша екінші орынға Криштиану Роналду тұрақтаған. Вирджил Ван Дейк болса үздік үштікті қорытындылады.

Айта кетейік, биылғы ФИФА "The best" сыйлығын да Лионель Месси иеленді.

Өзгелердің жаңалығы