Германия канцлері Фридрих Мерц Еуропа Украинадағы қақтығысты реттеу мақсатында Ресеймен келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл мәселенің шешімі «еуропалық мүдде үшін» аса маңызды.
«Біз келіссөздерге дайынбыз», – деді ол Черногорияның Тиват қаласында өткен ЕО – Батыс Балқан саммитінен кейінгі баспасөз мәслихатында. Бұл туралы Германия үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мерцтің пікірінше, Еуропа елдері келіссөздер процесінде ортақ форматта қатысуы тиіс. Ол Украинадағы бейбітшілікті орнату Еуропа үшін басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті.
«Еуропалық тараптан келіссөздерге деген ұмтылыс жеткіліксіз», – деді канцлер.
Сонымен қатар ол 7 маусымда Лондонда өтетін Е3 форматындағы (Германия, Франция, Ұлыбритания) кездесуде Франция президенті Эммануэль Макрон, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер және Украина президенті Владимир Зеленскиймен бірге келесі қадамдарды талқылайтынын хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин де Еуропамен келіссөздерге ашық екенін білдірген болатын.