Меркель екпе салғызғысы келген әр тұрғынды вакцинациялауға уәде берді

2 Ақпан 2021, 13:53
1903
Бөлісу:
Меркель екпе салғызғысы келген әр тұрғынды вакцинациялауға уәде берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Билік вакцинация компаниясын жақсы жоспарлауы үшін федералды үкімет пен жер билігі «ұлттық вакцинация жоспарын» жасауды жоспарлап отыр.

Германияның барлық ересек тұрғындары 2021 жылдың үшінші тоқсанының соңына дейін коронавирусқа қарсы вакцина алуға мүмкіндік алады деді Германия канцлері Ангела Меркель. Бұл туралы 1 ақпанда DW жазады.

Үшінші тоқсанның аяғында біз елдің әр тұрғынына коронавирусқа қарсы екпе ұсына аламыз деген уәдені орындауға болады, - деді Меркель федералды және аймақтық билік пен фармацевтика саласының өкілдерімен өткен жоғары деңгейдегі кеңестерден кейін. Бұл уәде екі Johnson & Johnson және CureVac әзірлеушілерінің вакцинасы Еуропалық Одақта қабылданбаса да орындалады, - деді Меркель.

Басылымның жазуынша, Германия 83 миллион адамға 320 миллионнан астам вакцина алады деп күтілуде. Бірінші тоқсанда 18,3 млн вакцина дозасын, екінші тоқсанда - 77,1 млн, үшінші тоқсанда - 126,6 млн, төртінші тоқсанда - 100,2 млн вакцина алу жоспарланып отыр.

Меркель сонымен қатар Германиядағы вакцинация науқанының қарқыны басқа елдерге қарағанда төмен екенін түсіндірді.

Оның айтуынша, Еуропада вакцинаны шығаруға арналған өндіріс орындары шектеулі, мысалы, АҚШ-пен салыстырғанда. Сонымен қатар, дәрігерлер ұсынған бірінші және екінші дозалар арасындағы уақыт аралығын ұстану туралы шешім қабылданды.

Айта кетейік, бұған дейін ЕО AstraZeneca вакцинасын сатып алу туралы келісімшарт жарияланғаны хабарланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы