«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы: елордада қалалық кезеңнің үздіктері анықталды

11 Шілде 2023, 17:08
671
Бөлісу:
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы: елордада қалалық кезеңнің үздіктері анықталды
PHOTO VIDEO
Фото: Елорда әкімдігі

Елордада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы Қазақстанда 2013 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы: елордада қалалық кезеңнің үздіктері анықталды

Байқауға әртүрлі отбасылар, оның ішінде көпбалалы отбасылар, ерекше балалары бар отбасылар, ардагерлер, сондай-ақ еңбек адамдары және шығармашыл әулеттер қатысты.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы: елордада қалалық кезеңнің үздіктері анықталды

Биыл 210 отбасы конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырды, бұл елордадағы «Мерейлі Отбасы» байқауының абсолютті рекорды. Отбасылық құндылықтарды дұрыс қалыптастыру, балаларды патриотизм мен жалпыадамзаттық құндылықтар рухында тәрбиелеу – әрбір отбасының басты міндеті. Ол адамгершілік құндылықтарды жандандыруға және отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған. Әкімдік осы бағыттағы барлық бастамаларды қолдайды. Отбасы институтын қолдаудың саясаты алдағы уақытта да өз жемісін беретініне сенімдімін, – деді Астана әкімінің орынбасары Есет Байкен.

Байқауға түрлі отбасылар, оның ішінде көпбалалы отбасылар, ерекше балалары бар отбасылар, ардагерлер, сондай-ақ еңбек және шығармашылық әулеттер қатысты.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы: елордада қалалық кезеңнің үздіктері анықталды

Байқау жеңімпаздары – көпбалалы отбасы Сәдуақасовтар. Олар жетістіктердің саны мен әртүрлілігі бойынша жеңіске жетті. Енді тату отбасы республикалық біріншілікке дайындыққа кірісті.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы: елордада қалалық кезеңнің үздіктері анықталды

Мен көпбалалы анамын. Бір кездері елордаға Қарқаралы қаласынан келдік. 60 жыл жұбайыммен бірге тұрдым. Отбасымызбен кез-келген мерекеде бас қосамыз. Біз барлық мерекені бірге атап өтеміз, - деді отбасы басшысы Тишжан Сәдуақасова.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы: елордада қалалық кезеңнің үздіктері анықталды

80 жастағы «Алтын алқа» алқа иегері жұбайымен 12 бала – 6 ұл және 6 қыз тәрбиелеп өсірді. Олардың әрқайсысы өз қызмет саласында жетістіктерге жеткен. Сол сияқты спорттағы, қоғамдық және шығармашылық жұмыстардағы, конкурстардағы белсенділігі үшін марапаттарға ие болған.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы: елордада қалалық кезеңнің үздіктері анықталды

 

Өзгелердің жаңалығы