«Мерейлі отбасы»: елордада қалалық кезеңге өтінімдер қабылдау басталды

18 Мамыр 2023, 11:36
702
Бөлісу:
«Мерейлі отбасы»: елордада қалалық кезеңге өтінімдер қабылдау басталды
Фото: Қала әкімдігінің ресми сайты

Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық турына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Конкурс отбасы институты, адамгершілік, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану; ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру; отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау; қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау бағытталған.

Конкурсқа қатысу үшін электрондық нұсқада мына құжаттарды тапсыру қажет:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін - жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);
7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) (бар болса) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда өтінім берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасына қайтарады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасы ұсынылған құжаттар қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пысықталған өтінімді қайта береді.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қажетті құжаттармен қоса арнайы нысан бойынша (pdf форматында) 15 маусымға дейін mereyli.otbasy2023@mail.ru элекронды поштаға тапсыру қажет.

Конкурсқа қатысу бойынша толық ақпаратты келесі телефондар арқылы білуге болады: 8 7172 55 67 08, 8 7172 55 67 01.

Айта кетейік, ҚР Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы