«Мерейлі отбасы» байқауы ұлттың сапасын қалыптастыруға жол ашатын жоба - Президент

8 Қыркүйек 2023, 17:00
1444
Бөлісу:
«Мерейлі отбасы» байқауы ұлттың сапасын қалыптастыруға жол ашатын жоба - Президент
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Елордада “Мерейлі отбасы -2023” байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жыл сайын елімізде “Мерейлі отбасы” байқауы өткізіліп тұрады. Биыл оныншы рет өткізілген байқауға 3000-ға жуық өтініш келіп түскен.

«Мерейлі отбасы» байқауы ұлттың сапасын қалыптастыруға жол ашатын жоба - Президент
«Мерейлі отбасы» байқауы ұлттың сапасын қалыптастыруға жол ашатын жоба - Президент
«Мерейлі отбасы» байқауы ұлттың сапасын қалыптастыруға жол ашатын жоба - Президент

 

Елордада республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Салатантты шараға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысып, Мемлекет басшсының құтықтау сөзін жеткізді.

«Мерейлі отбасы» байқауы ұлттың сапасын қалыптастыруға жол ашатын жоба - Президент

Құрметті қауым! «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймын! Бұл - төл құндылықтарымызды дәріптеп, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға жол ашатын маңызды жоба. Әр аймақтары өнегелі отбасылардың байқауға белсене қатысуынан елімізде береке-бірлігі жарасқан құтты шаңырақ иелері аз емес екеніне көз жеткіздік. Олардың арасында белгілі бір мамандықты ата касіпке айналдырған азаматтардың көп болуы - қуантарлық жайт. Осындай үлгілі әулеттер қоғамда ұрпақтар сабақтастығын сақтауға ықпал етеді. Халқымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген жақсы сөз бар. Отаншылдық, білімпаздық, еңбекқорлық, үнемшілдік, жанашырлық, әділдік сияқты «Адал азаматқа» тән қасиеттер, ең алдымен, отбасында қалыптасады. Әділетті Қазақстанды осындай жандар құрады. Мемлекет отбасы институтын дамытуға, ана мен баланы қорғау мәселесіне әрдайым айрықша назар аударады. Осы бағытта ауқымды істер атқарылып жатыр. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. Әр шаңырақтың ырысы артып, мерейі таси берсін! Баршаңызга зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!, - делінген құттықтау хатында.

Өзгелердің жаңалығы