Мерекелік көңіл күй және алғашқы сайлаушылар: Алматыда дауыс беру күні қалай басталды

Дауыс беруге ниетті тұрғындар көп: Алматының сайлау учаскелерінде кезек байқалады

 gov/kz 29 Қараша 2026, 07:49
29 Қараша 2026, 07:49
66
Фото: gov/kz

29 қараша таңертең Алматыда 670 сайлау учаскесі ашылды. Дауыс берудің алғашқы минутынан бастап Жетісу ауданындағы №337 және №343 сайлау учаскелерінде қала тұрғындары белсенділік танытып жатыр. Екі учаскеде 150-ден астам адам дауыс беріп үлгерді.

Алматылықтар сайлауға көтеріңкі көңіл күймен, көбі отбасымен бірге келіп жатыр. №57 және №43 мектептерде орналасқан сайлау учаскелерінде «Менің таңдауым» тақырыптық фотоаймақтары жабдықталып, Алматының тарихы туралы кітаптар, балалардың суреттері мен қыш өнері бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылған.

Қалыптасқан дәстүр бойынша алғашқы сайлаушыларға естелік сыйлықтар табысталып жатыр.

Дауыс берушілердің арасында әртүрлі буын өкілдері – жастар мен аға буын өкілдері бар.

Учаскелік сайлау комиссияларының бірі мүшесінің айтуынша, Жетісу ауданының тұрғындары дәстүрлі түрде сайлауға белсенді қатысады.

№343 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып 90 жастағы Борис Пирог дауыс берді. Отставкадағы офицер Жетісу ауданында 25 жылдан астам уақыт тұрады және осы аралықта  бірде-бір сайлаудан қалмаған.

Сайлау комиссиясының мүшелері Борис Пирогты жақсы таниды. Комиссия төрағасы оған құрмет белгісі ретінде естелік сыйлық табыстады.

Еске салайық, Алматы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Наверх