Мереке, сыйлықтар, көңіл күй. Елордада сайлау қалай өтіп жатыр?

20 Қараша 2022, 10:19
1120
Бөлісу:
Мереке, сыйлықтар, көңіл күй.  Елордада сайлау қалай өтіп жатыр?
PHOTO
Фото: автордан

Бүгін елімізде өтіп жатқан кезектен тыс президент сайлауына елордалықтар ерекше ынтамен атсалысуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Таңертең учаскеміз ашылғалы бері бір минут та дамыл таппадық. Адамдар келіп өз кандидаттарына дауыс беріп жатыр. Олардың көңіл күйлері көтеріңкі екенін аңғару қиын емес. Мәселен, ең алғаш дауыс берген сайлаушымыз жұмыстан шыға сала үйіне бармай, жолшыбай дауыс беруге учаскеге келді. Ол адамға ұлттық дәстүрлеріміз туралы кітапты сыйладық. Сайлаушымыз өте риза болды, - деп ағынан жарылды N135 сайлау учаскесінің төрағасы Балауса Қайырғалиева.

 

Мереке, сыйлықтар, көңіл күй.  Елордада сайлау қалай өтіп жатыр?
Мереке, сыйлықтар, көңіл күй.  Елордада сайлау қалай өтіп жатыр?

Айтуынша, халықтың саяси белсенділігі жоғары деңгейде.

Сондай-ақ жасы сексеннен асқан әже келіп дауысын берді. Жақында отадан шығып, дәрігерлердің қозғалуға болмайды дегеніне қарамастан заңды сыйлап, азаматтық парызын өтеп, бата беруді жөн көріпті. Сайлауда бірінші рет дауыс бергендер, ең алғашқы болып дауысын бергендер мен қарияларымызға сый-сыяпат жасап жатырмыз. Осылайша, халықтың көңілін көтергіміз келді, - деді учаске төрағасы.

Мереке, сыйлықтар, көңіл күй.  Елордада сайлау қалай өтіп жатыр?
Мереке, сыйлықтар, көңіл күй.  Елордада сайлау қалай өтіп жатыр?

Белгілі болғандай, учаскелерде санитариялық қауіпсіздік жағы да қарастырылған.

Сайлау учаскесінде жұмыс істеушілер маска киіп жұмыс істеуде. Бетпердені тек коронавирустан сақтану үшін ғана тақпадық. Қазір өздеріңіз білесіздер, түрлі вирустар тарайтын уақыт. Адамдар көп жиналатын жер болғандықтан өзгені де қорғап, өз денсаулығымызды да сақтау үшін осындай шешім қабылдадық, - деді Балауса Қайырғалиева.

Мереке, сыйлықтар, көңіл күй.  Елордада сайлау қалай өтіп жатыр?

Сондай-ақ кейбір жандардың дауыс беру бөлімшесіне "Мерекелеріңізбен!" деп кіріп жатқандарына куә болдық.

Сайлау – расымен де, мереке. Өйткені сол арқылы азаматтық ұстанымымызды танытамыз. Бірақ ертең – дүйсенбі. Өмір жалғасады. Жаңа Қазақстанды бірге жасап, елдің ертеңі үшін жұмыс істеу үшін сайлаушыларға ерекше сезім сыйлағымыз келді. Дауыс берушілер санының көптігіне қарамастан адамдар бір-бірін сыйлап, әдеп сақтап жатқандарын байқадық. Мұның бәрі ақпараттың толыққанды берілгендігінен, жағдайдың жасалғандығынан және адамдардың сауаттылығынан деп білемін, - деді ол.

Мереке, сыйлықтар, көңіл күй.  Елордада сайлау қалай өтіп жатыр?
Мереке, сыйлықтар, көңіл күй.  Елордада сайлау қалай өтіп жатыр?
Өзгелердің жаңалығы