Мереке күндері ХҚО-лар қалай жұмыс істейді

27 Тамыз 2022, 13:43
1346
Бөлісу:
Мереке күндері ХҚО-лар қалай жұмыс істейді

Конституция күніне байланысты Қазақстанның ХҚО-лары мен мамандандырылған ХҚО-ларының жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлады BAQ.KZ.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Конституция күніне байланысты Қазақстанның ХҚО-лары мен мамандандырылған ХҚО-лары 28, 29 және 30 тамызда жұмыс істемейтінін мәлім етті.

Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы кезекші ХҚО-лар 29 тамызда 9.00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Дегеннен, 29 тамызда «Қазпошта» АҚ тарапынан жоспарланған техникалық жұмыстарға байланысты кезекші ХҚО-ларда касса арқылы мемлекеттік баж төлеу мүмкіндігі болмайтынын ескертеміз. Клиенттер мемлекеттік қызметтерді банк қосымшалары мен QR-код арқылы төлей алады, - делінген корпорация хабарламасында.

27 тамыз жұмыс күні болып бекітілгенін тағы еске саламыз. Бұл күні ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді. ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар 31 тамызда қайта жұмысқа оралады.

Еске салайық, ХҚО-лардың әдеттегі жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Кезекші ХҚО-лар дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы