Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

6 Наурыз 2023, 16:47
856
Бөлісу:
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Фото: Азаматтарға арналған үкімет

«Азаматтарға арналған үкімет» МК Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына байланысты 8, 21, 22 және 23 наурызда Қазақстанның ХҚКО-лары мен МХҚКО-лары жұмыс істемейтінін хабарлайды, деп жазады BAQ.KZ.

Айта кетейік, осы аптада 6, 7, 9 және 10 наурызда ХҚКО-лар мен МХҚО-лар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді. Ал 11 наурыз, сенбі күні кезекші ХҚКО-лар сағат 13-00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері 9-00-ден 20-00-ге дейін, сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін жұмыс істейді.

Сондай-ақ Астана, Шымкент және Қызылорда қалаларында кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгерді. Елордада Иманов к-сі, 20, Сәтбаев к-сі, 25 және 20-40 к-сі, 2 мекенжайларында орналасқан кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 20-00-ге дейін қабылдайды.

Өзгелердің жаңалығы