Мереке күндері автобустар қалай жүреді

28 Желтоқсан 2021, 14:15
1211
Бөлісу:
Мереке күндері автобустар қалай жүреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы мереке, 1, 2, 3, 4 және 7 қаңтар күндері қоғамдық көлік демалыс күнінің кестесімен жүреді.

 Яғни, жолаушылар ағынының төмендеуіне байланысты желіге аз автобустар шығарылады.

Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.  Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды.  Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу арқылы, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы