Мен қазақстандықтар 85 мың теңгеге өмір сүруі керек демедім - вице-министр

22 Қыркүйек 2023, 16:44
3059
Бөлісу:
Мен қазақстандықтар 85 мың теңгеге өмір сүруі керек демедім - вице-министр
Фото: gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев 85 мыңға өмір сүруге болады деген мәлімдемесі жайлы айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Мен қазақстандықтар 85 мың теңгеге өмір сүруі керек деп айтқан жоқпын. Әрине бұлай емес. Бұл - мемлекет белгілейтін ең төменгі кепілдендірілген деңгей және жұмыс беруші жалақыны одан төмен қоя алмайды. Қазір еңбек нарығында біліктілікке, білімге, дағдыларға байланысты жоғары жалақы бар екені түсінікті. Егер біз тек еңбек нарығына шығатын жас қызметкерлер туралы айтатын болсақ, мұнда Еңбек министрлігі жұмыспен қамтудың белсенді шараларын ұсынады, - деп айтты Олжас Ордабаев елордада өтіп жатқан Еңбек күніне арналған форумның кулуарда.

Еңбек вице-министрі мемлекет жастарға қандай мүмкіндік ұсынып отырғанын айтты.

Бізде жас балалар үшін мемлекет тарапынан субсидиялау, «бірінші жұмыс орны», жастар практикасы бар, онда мемлекет 103 мың теңге мөлшерінде жалақының бір бөлігін, қалғанын жұмыс беруші субсидиялайды, - деді Ордабаев.

Осыған дейін вице-министр кітапханашылардың алатын 85 мың айлығына өмір сүре алатынын айтып, сынға ұшыраған еді.

Өзгелердің жаңалығы