Мен онымен дауласпаймын: Иманбек Роза Рымбаеваның сынына жауап берді

6 Шілде 2021, 09:48
4993
Бөлісу:
Мен онымен дауласпаймын: Иманбек Роза Рымбаеваның сынына жауап берді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық диджей және музыкант Иманбек Зейкенов тікелей эфирде Роза Рымбаеваның сынына жауап берді.

Effective live-та Иманбекке Роза Рымбаеваның өзіне қатысты айтқан сыны мен шығармашылығына қалай қарайтыны туралы сұрақ қойды.

Біріншіден, ол үлкен кісі, аға буын. Мен оны ешқашан сынамаймын. Онымен дауласпаймын, бұл оның пікірі. Мен ол кісінің айтқанын тыңдадым, түсіндім, - деп жауап берді Иманбек.


Халық әртісі Роза Рымбаева Аzattyq Rýhy порталына берген сұхбатында Грэмми иегері Иманбек Зейкеновтің жеңісі жай ғана сәттілік деген еді.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «Әрбір кездейсоқтықта үлкен заңдылық бар», бұл дүниеде кездейсоқ ештеңе болмайды. Иманбектің жеңісі заңды, ол баланың төккен тері, белгілі бір мезетті пайдалану шеберлігі деген еді.

Өзгелердің жаңалығы