Мәжіліс депутаты: Иманбектің жеңісі – заңды

5 Шілде 2021, 17:56
2717
Бөлісу:
Мәжіліс депутаты: Иманбектің жеңісі – заңды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Әрбір кездейсоқтықта үлкен заңдылық бар». Бұл дүниеде кездейсоқ ештеңе болмайды. Иманбектің жеңісі заңды, ол баланың төккен тері, белгілі бір мезетті пайдалану шеберлігі деп жазды Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров өзінің Facebook парақшасында.

Ол баланың болашағы зор.

Қазақ жастарына сену керек.

Сол жастар бүгін қазақ мәдениетін төрткүл дүниеге әйгілеп жатыр!

Олардың бойында пассионарлық энергия, әлемдік тенденцияны өзгерту қасиеттері бар.

Димаш, Иманбек, Скриптонит, Нұрлан Сабуров, «Ирина Қайратовна» тобы.

Жаңа қазақи әлем, жаңа дүниежүзілік мәдени құбылыс!

«Грэмми» алу бүгінде ерлік.

Мен ешкімге қарсы емеспін.

«Әр қазақ - менің жалғызым».

«Өзіңді-өзің сыйласаң, жат жанынан түңілер».
Болашақ жастардың қолында!

Біздің жастар бізден артып туған.

Оған сену керек.

Сонда болашақ мығым болады...
«Батаменен ел көгерер».

Жастарға оң бата беру үлкен ізет, таптырмас өнер, - деп жазды ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Халық әртісі Роза Рымбаева ди-джей Imanbek-тің талантына күмән келтірген пікірін білдірген еді. Сондай-ақ әнші Астана күні қарсаңында жұртшылықты мерекемен құттықтап, елорда туралы ойын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы