Мемқызметтегі әйелдердің 40 пайызға жуығы басшы - министр

7 Наурыз 2023, 12:19
1458
Бөлісу:
Мемқызметтегі әйелдердің 40 пайызға жуығы басшы - министр
Фото: ҚР Үкіметі

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін әйелдердің 39,2 пайызы басшылық қызметте екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның дерегінше,  2010 жылы мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 52,7 пайыз болса, 2022 жылы 55,4 пайызға жеткен.

Әйелдердің 39,2 пайызы басшылық қызметте. 59 әйел саяси қызметте, оның ішінде министрлер, Агенттік өкілдері, Жоғарғы аудиторлық палата және Конституциялық соттың төрағалары, сондай-ақ облыстар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары бар. Шағын және орта бизнестегі әйелдердің үлесі 2011 жылы 38,4 пайыз болса, 2021 жылы 44,6 пайыз болды. Кәсіпорын басшыларының ішінде 30,8 пайызы әйел адамдар, - деді Әлібек Қуантыров.

Ведомство басшысы үкімет мемлекет қатысатын компаниялардың басқару органдарындағы әйелдер үлесін 30 пайызға дейін арттыру үшін шаралар қабылдап жатқанын айтты.

2022 жылы «Гендерлік алшақтық индексі» рейтингі бойынша Қазақстан гендерлік даму саласындағы табысты реформалардың арқасында 15 позицияға көтеріліп, рейтингте 146 елдің ішінен 65-інші орынды иеленді, - деді Қуантыров. 

Айта кетейік, бұған дейін Премьер-министр бизнестегі әйелдер үлесі бойынша АҚШ пен Түркиядан алда екенімізді айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы