Бизнестегі әйелдер үлесі бойынша АҚШ пен Түркиядан алдамыз - Смайылов

7 Наурыз 2023, 11:53
1640
Бөлісу:
Бизнестегі әйелдер үлесі бойынша АҚШ пен Түркиядан алдамыз - Смайылов
Фото: ҚР Үкіметі

Біздің елімізде әйелдер мемлекеттік басқару ісіне тең дәрежеде қатысады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәселен, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының деректеріне сәйкес, Қазақстанда бизнестегі әйелдердің үлесі 45 пайыз. Бұл –АҚШ пен Түркия сияқты елдерге қарағанда жоғары көрсеткіш. Қазақстандық әйелдер «Даму» қоры қолдаған жобалардың жартысына жуығын    жүзеге асырды. Бұл ретте жобалардың үштен бірін ауылдық жерлерден келген кәсіпкер әйелдер алды. Біз түрлі салалардағы әйелдердің белсенділігін арттыруға мүдделі екендігімізді атап өткім келеді, - деді ол.

Премьер мемлекет әйелдерді әлеуметтік қолдау мәселелеріне ерекше назар аударып отырғанын айтты.

Ана мен баланы қорғау, кәсіпкер әйелдерді қолдау, көпбалалы аналарға, бала асырап алған отбасыларға көмек көрсету, әйелдерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, қарияларға қамқорлық жасау мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары болып қала береді, - деді Смайылов. 

Айта кетейік, бұған дейін Үкімет отырысында Әлихан Смайылов еліміздегі білім сапасының алшақтығын қалай қысқартатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы