Мемлекеттік жоспарлау жүйесін түбегейлі өзгерту қажет - Тоқаев

1 Қыркүйек 2023, 12:32
744
Бөлісу:
Мемлекеттік жоспарлау жүйесін түбегейлі өзгерту қажет - Тоқаев
Фото: Ақорда

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Реформалардың іске асырылуына негізінен атқарушы билік жауап береді. Сондықтан, ең алдымен, оның өзін өзгерту қажет, - деді Президент.

Тоқаев осы саладағы реформаның басты бағыттарын тоқталып өтті.

Нақты салаларға қатысты шешімдерді әзірлеу және орындау міндеті, сондай-ақ түпкі нәтиже үшін жауапкершілік толығымен министрлерге жүктеледі. Өйткені олар өзінің бұйрығымен жедел шешім қабылдап отыруға тиіс. Бұл – әкімдерге де қатысты мәселе, - деп түсіндірді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар айтуынша, экономикалық саясаттың іске асырылуына Үкімет толығымен жауап береді.

Бюрократияға және сөзбұйдаға салынбай, Президент Әкімшілігіне жалтақтамай, экономиканы дербес басқарудың барлық әдіс-тәсілдерін қолында ұстауға тиіс. Президент Әкімшілігі басты «саяси штаб» ретінде мемлекетті әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық бағыттарына, ішкі және сыртқы саясат, қорғаныс және қауіпсіздік, құқық және кадр саясаты мәселелеріне барлық күш-жігерін жұмылдырады, - деді Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында.

Мемлекет басшысының айтуына қарағанда, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жолындағы жүйелі жұмыс жалғаса береді. Тоқаевтың сөзінше, мемлекеттік жоспарлау жүйесін түбегейлі өзгерту қажет. Бізге оның мейлінше шағын және қолайлы болғаны маңызды.

Өзгелердің жаңалығы