Мемлекеттік туды пайдаланудың жаңа ережелері бекітілді

Мемлекеттік туды жеке тұрғын үйлерге биіктігі 3 метрден кем емес жерде орнатуға болады.

Бүгiн 2026, 12:08
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 12:08
Бүгiн 2026, 12:08
194
Фото: ©BAQ.KZ архиві

ҚР Үкіметінде Мемлекеттік туды пайдалану шарттары бекітілді. Құжатта азаматтардың мемлекеттік рәмізді қалай орналастыра алатыны және оны қандай жағдайларда пайдалануға жол берілмейтіні жазылған.

Қаулыға сәйкес, Мемлекеттік туды жеке тұрғын үйлерге биіктігі 3 метрден кем емес жерде орнатуға болады. Бұл ретте тәуліктің қараңғы уақытында оны жарықтандыру міндетті емес.

Мемлекеттік рәміз жерге, еденге, суға немесе басқа да беттерге тиіп тұрмауы керек. Тігінен орналастырған кезде ұлттық ою-өрнек матаның жоғарғы бөлігінде болуы тиіс. Сондай-ақ, заңнама талаптары сақталған жағдайда, Мемлекеттік туды жеке және заңды тұлғалардың автокөлік салондарында пайдалануға рұқсат етіледі, – делінген құжатта.

Бұдан бөлек, мәдени, спорттық, қоғамдық және басқа да іс-шаралар кезінде туды коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар, ол таза, зақымдалмаған, кірлемеген, жыртылмаған, жамаусыз және басқа да ақауларсыз болуы керек.

Ережелерде мемлекеттік рәмізді қорлайтын немесе оның маңызын төмендететін кез келген әрекеттерге де тыйым салынған. Атап айтқанда, туды әдейі зақымдауға, жоюға, өртеуге, жыртуға, жерге тастауға немесе өз мақсатынан тыс пайдалануға болмайды.

Сонымен қатар, мемлекеттік туды жарнамада, сондай-ақ киім, төсек-орын жабдықтары, перделер, дастархандар, кілемшелер және басқа да жабындар ретінде пайдалануға жол берілмейді.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілетіні хабарланды

Тағы оқи отырыңыздар:

Қазақстан байрағы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

Арабша жазуы бар тумен фотоға түскен тағы бір қыз жазаға тартылды

Алматы облысында мемлекеттік рәміздер қоқыстан табылды

Наверх