Мемлекеттік шекарада көлік құралдарының өту процесі цифрланды

23 Тамыз 2023, 20:22
1178
Бөлісу:
Мемлекеттік шекарада көлік құралдарының өту процесі цифрланды
Фото: BAQ.KZ

«CarGoRuqsat» электрондық кезегі іске қосылған сәттен бастап 199 мыңнан астам брондау жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдеуінше, жүйеде 18 мыңнан астам жүргізуші, 54 мың көлік құралы және 29 мыңнан астам тіркеме тіркелген. Бұл ретте «CarGoAlem» сервисіне «рұқсат» алуға 35 мың өтініш келіп түскен.

Электрондық кезектің функционалы бір орында тұрмайды және үнемі жетілдіріліп отырады. Барлық брондауларға тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

«CarGoRuqsat» кезегін электрондық брондау сервистері, сондай-ақ шетелдік рұқсат бланкілерін (немесе «рұқсат беру») рәсімдеуге арналған «CarGoAlem» сервистері «Qoldau.kz» мемлекеттік цифрлық платформасында орналасқан. Пилоттық жобаның басты нәтижесі – ашықтық пен интеграция есебінен кезекті тазартып, қатысы жоқ автокөліктердің кезектен орын алмауына мүмкіндік туды.

Бүгінгі таңда шекарадан өтудің жүктемесі ең жоғары өткізу пунктінде кезектегі максималды «тығыздық» 2-3 күн бұрын байқалады және пайдаланушылар өз маршруттарын оңай жоспарлай алады.

Бұған дейін жекелеген тасымалдаушылардың «керек болып қалар» деп кезекке қою, мемлекеттік нөмірді өзгертіп жазып бір автокөлікті бірнеше рет тіркеу, сондай-ақ халықаралық тасымалдауға рұқсаты жоқ автокөліктер, жеңіл автокөліктер және тіпті ауылшаруашылық техникаларын кезекке қою фактілері орын алған. Осылайша, олар кезекті қолдан жасап, кезекте тұрған орындарды сатып, пайда көруге мүмкіндігі болды.

Енді мұндай манипуляциялар алынып тасталды. Сонымен қатар, пайдаланушылар жүйеде жұмыс істеп, егер сұрақтар туындаса техникалық қолдау қызметінің әкімшілеріне телеграм-чат арқылы жүгінеді, бұл «адами факторды» және пайдаланушының шенеуніктермен тікелей байланысын болдырмайды.

Электрондық кезек жүйесі шекарада көліктің жиналуына байланысты жағдайды реттеудің негізгі құралы болып табылатынын атап өтеміз.

Цифрландырудың осындай әдістерін енгізу тауар айналымы мен транзиттік әлеуетті дамытуға оң әсер етті, сондай-ақ тұтастай алғанда қолайлы бизнес-орта қалыптастырады.

Өзгелердің жаңалығы