Мемлекеттік шекара – бұл егемендіктің басты құрамдас бөлігі

18 Тамыз 2022, 19:54
1504
Бөлісу:
Мемлекеттік шекара – бұл егемендіктің басты құрамдас бөлігі
PHOTO

18 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласында ардагерлердің, қалалық әкімдік өкілдерінің, елорда тұрғындары мен қонақтарының қатысуымен шекарашыларға арналған ескерткіштің ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс министрлігінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында шекара ведомствосының құрылуы мен қалыптасу тарихына арналған экспонаттар мен фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды, сондай-ақ «На страже рубежей Казахстана» кітабының тұсаукесері өткізілді.

Мемлекеттік шекара – бұл егемендіктің басты құрамдас бөлігі

Мерейтой құрметіне Шекара қызметі ансамблі әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті. 

Мемлекеттік шекара – бұл егемендіктің басты құрамдас бөлігі

Салтанатты іс-шарада ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор Ерлан Алдажұманов сөз сөйлеп, ҰҚК Төрағасы атынан құттықтау тілегін және әскери қызметшілер мен ардагерлерге алғысын жеткізді. Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша міндеттердің маңыздылығы мен басымдылығын атап өтті.

Мемлекеттік шекара – бұл егемендіктің басты құрамдас бөлігі

Мемлекеттік шекара – бұл егемендіктің басты құрамдас бөлігі, кез-келген елдің беріктігі шекарасына қарай анықталады. Сондықтан Шекара қызметіне және оның басты міндеті – мемлекетіміздің аумақтық тұтастығын сақтауға ерекше көңіл бөлінеді, - деді ол өз сөзінде.

Мемлекеттік шекара – бұл егемендіктің басты құрамдас бөлігі

Облыс орталықтарында дәл осы күні шекарашы батырлардың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды, көзге түскен әскери қызметшілер марапатталды, мерекелік күнге орайластырылған спорттық жарыстар өткізілді.

Өзгелердің жаңалығы